Сайрам ауданында грек-рим және еркін күрестен өңір біріншілігі өтті. Жарыс Республика күніне орай ұйымдастырылды. Дәстүрлі бәсекеге 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Бозкілем бәсекесіне 450-ге жуық шымыр жасөспірім жиналған. Олардың өнерін дәл осы спорт түрінде жоғары нәтиже көрсеткен аға буын да тамашалады. Әлемдік аренада үздік атанған азаматтар жас буыннан үлкен үміт күтетінін жасырмады.