Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті шетелдік кәсіпкердің бұғатталған шоттарын ашып берді. Алматы облысында 120 миллиард теңгеге мал шаруашылығы кешенін салмақ болған инвестор «Антифрод-орталық» жүйесіне мәліметтер енгізген. Мұнан соң, оның төлем карталарына белгісіз себептермен шектеу қойылыпты. Шетелдік компания басшысы мәселенің мән-жайын анықтау үшін құзырлы органға көмек сұрап жүгінген. Жағдайдан құлағдар болған комитет қызметкерлері Қостанай облысының прокуратурасымен бірлесіп тексеру жүргізді. Нәтижесінде инвестордың ешқандай алаяқтықққа қатысы жоқ екені анықталды. Мұнан соң заң аясында оның барлық банк шоттары бұғаттан босатылды.
ДИНАРА НҰРСҰЛТАНОВА - ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ПРОКУРОРЫ
Біз Қостанай облысының прокуратурасымен бірлесіп, неліктен инвесторға қатысты шектеу енгізілгенін зерделедік. Олардың заңдылығын тексердік. Нәтижесінде, инвестордық жүріп жатқан қылмыстық тергеуге қатысы жоғын анықтадық. Оның жүйедегі инвестор дәрежесін қайта қарап, шектеулерін жойдық.