Түркістан
EN

Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары далада жаттығып жүр

160
25.05.2022

Әлем чемпиондары жаттығатын жер таппай,  далада дайындалуға мәжбүр. Шымкенттегі Қайтпас елді мекенінде  80 оқушы кикбоксқа қатысады. Алайда жасөспірімдер мектептің спорт залында емес, аулада жаттығамыз дейді. Халықаралық додаларда жүлдесіз қайтпайтын жастарға арнайы орын қарастырылмаған. Бұған ата-аналар да қынжылады. 80 бала үш жылдан бері мына мешіттің ескі ғимаратында жаттығып келген. Бірақ осыдан үш ай бұрын төңіректегі мектептің басшылығы бұл жерден балаларды ығыстырып, ескі парталар мен орындықтарды осында орналастырып, арнайы қоймаға айналдырып жіберген. Мектеп басшылығы тозығы жеткен мектеп мүлкін сақтайтын басқа орын жоқ деп ақталды. Ал спортшы жастар өздеріне басыбайлы спорт нысаны болғанын талап етуде. Ол үшін арнайы орын да бар. Мектептің меншігіндегі қазір пайдаланудан қалған бастауыш сыныптар нысанын әжетке жаратуға болар еді дейді олар. Тіпті оны спорт кешеніне айналдыруға демеушілер де дайын.