Жұмыспен қамту орталығы мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

54
18.09.2023

Алматыда Жұмыспен қамту орталығы мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтуға бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталуда. Орталық мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы, жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. Осыған қатысты Алматы қаласының прократурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.