Сауран ауданының тұрғынына пакет кигізіп, әбден азаптаған полиция қызметкерлері уақытша қамауға алынды. 4 бірдей лауазымды тұлғаға Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады. Айта кетейік, ағымдағы жылдың басында қос бірдей азамат тәртіп сақшыларынан жәбір көрдік деп арнамызға шағымданған болатын.