Өндірістегі өкінішті жағдайлар көбейген

16
20.05.2026

Биылғы жылдың алғашқы төрт айында өңір кәсіпорындарында 17 жазатайым оқиға тіркелген. Соның салдарынан 21 адам түрлі деңгейде жарақат алып, 3 адам көз жұмған. Өткен жылдың тап осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш өсіп отыр. Мамандардың айтуынша, оқыс жағдайларға өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, жұмыс орнын ұйымдастырудағы кемшіліктер мен техникалық ақаулар себеп болып отыр. Сондай-ақ қозғалыстағы механизмдердің әсері, биіктен құлау, жол-көлік оқиғалары және өндірістік нысандардағы түрлі төтенше жағдайлар да қауіп факторлары қатарында. Қазір мұндай жағдайлардың алдын алуға айырықша мән беріліп отыр.