Талапкерлерге ЖОО-ның мүмкіндіктері таныстырылды

7
17.04.2026

Әрбір адамның өміріндегі жауапты кезең – мамандық таңдау. Өйткені әр адамның болашағы мен қоғамдағы орны осы шешімге тікелей байланысты. Осыны ескерген еліміздің 52 жоғары оқу орны Түркістан өңірінде талапкерлерге бағыт-бағдар беру мақсатында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған кездесу Study in Kazakhstan жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.