Шекара бекеттері жаңғыртылады

11
14.04.2026

Енді шекарадағы кептеліс, кеденде кедергі болмайды.  Президент тапсырмасымен Абай облысындағы стратегиялық маңызы бар өткізу пункттері кеңейтілуде. Еліміздің шығыс аймағында мемлекетімізді  Ресеймен байланыстыратын «Ауыл», «Жезкент», «Коянбай» және «Байтанат» өткізу пункттері жұмыс істейді. Жоба аясында бекеттегі жолақтар саны жетеуге дейін көбейтіліп, заманауи тексеру кабиналары мен электронды кезек жүйесі енгізілмек. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мамандары бұл өзгерістер бекеттердің өткізу қабілетін едәуір арттыратынын айтады. Нәтижесінде олар тәулігіне 5 мың көлік пен 10 мың жолаушыға кедергісіз қызмет көрсете алады. Қазір нысандарды жаңғырту жұмыстарына қажетті техника мен білікті мамандар жұмылдырылған.