Ақмешіттің маңындағы жер мемлекет меншігіне өтті

21
14.04.2026 21:12

 Түркістан облысында Ақмешіт үңгірінің маңындағы 2 гектар жер мемлекет меншігіне алынды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, облыс әкімінің 2024 жылғы қаулысымен үңгірдің сызбасы бекітіліп, 10 гектардай қорғау аймағының көлемі анықталған. Десе де, аудан әкімдігі мен «Асқар ата» шаруа қожалығы арасында Ақмешіт үңгірін пайдалану жөнінде ешқандай келісімшарт болмаған. Сондықтан, осы уақытқа дейін нысан заңсыз пайдаланылып келген. Негізінде ол тек егін егу немесе мал шаруашылығы үшін пайдаланылуы қажет еді. Алайда шарт талаптары бұзылып, жер кәсіпкерлік мақсатта қолданылған. Аталған мәселе медиация тәртібімен шешілді. Енді мемлекет меншігіне қайтарылған аумақта туристік нысандарды дамыту жоспарланып отыр.