Түркістан халықаралық білім беру хабына айналып келеді

3
08.04.2026

Түркістан - Орталық Азияның халықаралық білім хабына айналуда. Бүгінде көне шаһардағы Woosong халықаралық университетінде Оңтүстік Корея, Үндістан, Пәкістан және Канаданың озық профессорлары дәріс беріп жатыр. Олар тек теория емес, жасанды интеллект пен жаһандық стартаптардың тілін үйретуде. Шетелдік ғалымдар неге Түркістанды таңдады және қазақстандық білім жүйесіне қандай баға берді? Тілшіміз Дана Қазыбек тарқатады.