Шымкенттік азамат әкесіне донор болып, өмірін сақтап қалды. №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Науқас 2024 жылдан бері созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен есепте тұрған. Ал өткен жылдан бастап гемодиализге тәуелді болған. Дәрігерлердің айтуынша, донор мен реципиенттің медициналық көрсеткіштері толық сәйкес келген. Нәтижесінде күрделі ота сәтті жүзеге асырылды. Қазір әкесі мен баласының жағдайы жақсы, екеуі де үйіне шығарылды.