Енді камералар телефон қолдану мен белдік тақпау фактілерін тіркейді

15
12.03.2026

Бүгіннен бастап елімізде  Әкімшілік кодекстің 31-бабына енген өзгерістер күшіне енеді. Енді жол бойындағы бейнебақылау камералары көліктің жылдамдығын ғана емес, қауіпсіздік белдігін тақпаған және ұялы телефон ұстап отырған жүргізушілерді де автоматты түрде анықтайды. Осы деректер негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынады.