Қазақстанда апатты үйлердің саны көбейген

10
10.03.2026

 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда апатты тұрғын үйлердің саны 7%-ға өсіп, 2,6 мыңға жетті. Мұндай үйлердің жалпы ауданы 834 мың шаршы метр. Қазіргі уақытта тозығы жеткен баспаналарда 50 мыңнан астам адам тұрып жатыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 мың адамға көп. Ауылдық жерлерде апатты үйлер саны 11,5%-ға артса, қалаларда өсім 2,4%-ды көрсетті. Өңірлер арасында ең көп апатты үй Атырау облысында тіркелген – 705 нысан, онда 13 мыңнан астам тұрғын өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ Ақмола облысында 270 үй, Астана қаласында 191 апатты баспана бар. Дегенмен кей өңірлерде жағдай біршама жақсарып, Алматы облысында 30, Қарағанды облысында 12, Астанада 10 және Солтүстік Қазақстан облысында 7 үй апатты баспаналар санатынан шығарылған.