Биыл ресми Астана мен Брюссель арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 33 жыл. Бұл ынтымақтастық жыл өткен сайын жаңа белеске көтеріліп келеді. Өйткені Еуропалық одақ пен НАТО-ның штаб-пәтерлері орналасқан Бельгия – Қазақстан үшін «кәрі құрлыққа» ашылған басты стратегиялық қақпа. Осы айтулы дата қарсаңында бірқатар отандық журналист Еуропаның саяси кіндігіне арнайы сапар шегіп, екі ел арасындағы ықпалдастықтың жаңа қырларын бағамдап қайтты.