Декреттегі әкелердің құқығы енді әйелдерден кем болмайды. Жұмыс істемейтін әкелердің кәмелет жасына толмаған балаларға күтім жасаған уақыты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады. Бұл заңды Мәжіліс екінші оқылымда қабылдады. Сондай-ақ халық қалаулыларының ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Яғни, жынысына қарамайды. Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.