Бүгін Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері күні

14
19.01.2026

Бүгін елімізде Қарулы күштерінің арнайы операциялар күштері күні аталып өтіеді. Бұл құрылым Президенттің 2022 жылғы жарлығымен конституциялық және ұлттық мүдделерді қорғауға арналған әскери бөлім ретінде құрылды. Құрылған сәттен бастап өз әлеуетін жүйелі түрде нығайтып келеді. Бөлімшелер заманауи жоғары технологиялы қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен жабдықталып жатыр. Оқу-материалдық базасы күшейтіліп,  инфрақұрылым үздіксіз жетілдірілуде. Әскери қызметшілер халықаралық оқу-жаттығулар мен сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Мәселен Дубайда өткен SWAT Challenge 2025 сайысында табысты өнер көрсетті. Арнайы операциялар күштерінің символы – күрең қызыл түсті берет. Оны тек ең үздік, төзімді әрі адал жауынгерлер ғана иелене алады.