Сарыағаш ауданында балаларға үш ауысымда білім беріп келген мектептердің мәселесі биыл түбегейлі шешіледі. Бұған дейін шалғайдан қатынап оқитын оқушылардың дені қазір өз аймақтарындағы жаңа білім ұяларында оқып жүр. «Келешек мектептер» жобасы аясында бой көтерген заманауи нысандарда балаларға барлық жағдай жасалған.