«Ұлы дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумы басталды

10
04.12.2025

«Ұлы дала философиясы және құқықтық мәдениет». Түркістанда осындай атаумен халықаралық симпозиумы басталды. Ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтіп жатыр. Басқосуға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және өзге де елдерден ғалымдар, заң және қоғамдық ғылымдар саласының зерттеушілері келді. Симпозиумда жалпы 3 тақырып көтеріледі.  Дала құқықтық мәдениеті, билер институты, Ясауи іліміндегі әділет қағидалары және түркі халықтарының құқықтық санасы. Алғашқы дәрісті Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры Мүслім Хасенов онлайн форматта өтті.