Қазығұрттың қасиетті топырағында, Тұрбат ауылында берекелі бір әулет ғұмыр кешіп жатыр. Бұл жанұяның тірегі – елге сыйлы, сөзіне жұрт тоқтаған Бахрам Сәбитов. Бір шаңырақтың ғана емес, тұтас қауымның қадірменді қариясы бірнеше ұрпаққа парасатты жол сілтеп келеді.