Жетісу облысында тауда адасып кеткен туристер құтқарылды

97
30.09.2024 15:41

Жетісу облысында тауда адасып кеткен туристер құтқарылды. Қазақстанға туристік фирма арқылы келген Латвия азаматтары Басши ауылынан 44 шақырым жерде орналасқан тау сілемін тамашалауға жолға шыққан. Алайда олар жолдан жаңылысып, байланысты жоғалтқан. Таудағы ауа-райының бұзылуы мен қараңғы түсуі жағдайды қиындатыпты. Ал жоғалғандарды іздеуге Кербұлақ аудандық полициясы, Төтенше жағдайлар департаменті,  еріктілер мен орманшылар жұмылдырылған. Операцияға тікұшақтар мен дрондар тартылып, таулы жерді әуеден мұқият зерттеуге мүмкіндік берді. Осылайша үмітін үзген туристер күтпеген жерден тікұшақтың дауысын естіп, белгі бере бастаған. Көп ұзамай учаскелік полиция инспекторлары оларды анықтады.