Түркістан
EN

Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыру бағыттары қаралды

17
30.10.2026

 Келер жылы Түркістан облысында 36 нысанның құрылысы басталады. Ол үшін бюджеттен 35 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінбек. Сондай-ақ, тағы үш жобаға қатысты жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шараларына арналған жиында айтты. Облыс активінің қатысуымен өткен шарада жолдауда белгіленген міндеттерді өңірде іске асыру, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту сынды бірнеше салаға қатысты жоспарлар талқыланды.

 Жолдауда айтылған міндеттердің 2 млн-нан аса халық саны бар Түркістан облысы үшін маңызы ерекше. Сондықтан жүктелген  әрбір тапсырма нақты іспен және халықтың тұрмысындағы оң өзгерістермен өлшенуге тиіс. Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзін осылай бастады. 2027 жыл «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялануына байланысты қолға алынған бастамаларға тоқталды. Өңір басшысы алдағы жылы 30-дан астам нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі,-дейді. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтар үшін жалдамалы пәтер салу жоспарда тұр. Денсаулық сақтау саласында да бірқатар маңызды жобалар жүзеге асады.