Түркістан
EN

Түркістанға 12 облыстан кәсіпкерлер келді

17
30.10.2026

Түркістан облысында соңғы екі жылда 29 шағын өнеркәсіптік парк ашылып, 146 өндіріс орны іске қосылды. Кәсіпкерге жер мен инфрақұрылымды дайындап беретін осы тәжірибені үйренуге еліміздің 12 өңірінен арнайы делегация келді. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласының мамандары Сауран ауданындағы өндірістік алаңдарды аралап, шағын цехтардың жұмысымен танысты.

 Шағын цех ашқысы келетін кәсіпкерге ең алдымен жер мен дайын инфрақұрылым қажет. Сауран ауданындағы «Иассы» өндірістік алаңында іс бастайтын азаматтарға 30 сотықтан жер беріліп, коммуникация желілері мемлекет есебінен тартылады. Ал ғимаратты кәсіпкер өз қаржысына салады. Осындай қолдаудың арқасында ашылған цехтардың бірі қазір күн сәулесінен қуат алатын шамдар шығарып жатыр7