Қолөнершілерінің қызметтерін ұйымдастыру бойынша мәжіліс өтті

42
01.10.2024 21:04

Түркістан – қолөнершілер қаласы. Шаһар ежелден Жібек жолы бойындағы ірі сауда және мәдениет орталығы ретінде танылған. Алайда бүгінде туристер тарихи жерлерден естелікке алып кететін бұйымдардың сапасына сын көп. Өзімізде өндірілген түк жоқ. Нарық Қытай мен Қырғызстаннан келген тауарларға толған. Аталған мәселелер бүгін облыстық қолөнер шеберлерінің басқосуында жан-жақты талқыланды. Шешу жолдары қарастырылып, ұсыныстар айтылды.