Түркістан
EN

Қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінде бақ сынады

9
16.10.2026

Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындарының алғашқы бәсекелері басталып кетті. Жарыс жолына бірінші болып пара үстел теннисінен жекелей сында өнер көрсететін спортшыларымыз шықты. Отыз екіден бір финал кезеңінде ел намысын бес спортшымыз қорғады. Алайда бұл күн отандастарымыз үшін сәтті болмады. Жергілікті жапон спортшысы Койо Ивабучимен кездескен Марат Суртубаев қарсыласынан 1:3 есебімен ұтылды. Ал Алтынай Ержанқызы қытайлық спортшыға, Антонина Рогова Гонконг өкіліне, Александра Степанова Таиланд шеберіне және Ардақ Нұрмағамбетов Сауд Арабиясынан келген қарсыласына 0:3 есебімен жол берді.