Бүгіннен бастап елімізде жазғы мектеп жобасы басталды. Ол 19 маусымға дейін жалғаспақ. Қашықтан оқу кезінде иегере алмаған тақырыптарды оқушылар қосымша сабақтарда үйренеді. Ұлттық білім академиясы 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі әр пәннің қиын тақырыптарына талдау жасап, нұсқаулықтар дайындап, мектептерге ұсынады. Жазғы мектепте білім алу ерікті түрде жүргізіледі. Оқушының үлгерімін мұғалім емес, ата-анасы бағалап, керек деп шешсе қосымша оқытуға бере алады. Ал, Білім және ғылым министрлігінің өкілі мұғалімдерге жазғы сабақтар үшін үстемақы төленбейтінін ескертті.
МАЙРА МЕДЕЛБЕКОВА- ҚР БҒМ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Жазғы мектепте ғана жасалатын бір күндік жұмыс болмайды. Алдағы оқу жылдарында игерілмеген тақырыптарды бекіту жұмыстары ескеріледі. Жергілікті атқарушы органдар бар, жоғары оқу орындары бар, пелдагогикалық колледждердің үздік шәкірттері бар. Солармен бірге кешенді жұмыс жасалады
️