Түркістан облысында жыл басынан бері газ жабдықтарын пайдалану талаптарын бұзған 200 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 3 миллион теңге айыппұл салынған. Өңірде жыл басынан бері 300-ден астам өрт оқиғасы болып, мұндай жағдайлар өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға азайған. Жылыту маусымы басталғалы сала мамандары әр үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жауаптылардың мәліметінше, биыл өңірде көмірқышқыл газынан улану оқиғасы болмаған.
ӘБДІИСЛАМ ӘБДІҚАДЫРОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МӨБ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі таңда әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың тұрғын үйлеріне өрт және улы газдан улану жағдайларының алдын алу мақсатында жалпы 12 590 датчик орнатылған. Есепке алынған 27 294 үйдің қазіргі уақытта 90 пайызына газ сигнализатор орнатылған.