Қазақстанда шипажай-курорттық саланы дамытудың жаңа тетіктері қарастырылып жатыр. Нақтылай айтқанда, сала қызметін реттейтін жеке заң әзірлеу мәселесі көтерілді. Бұл бастама «Әділет» партиясының алаңында өткен жиында талқыланды. Бүгінде елімізде 333 шипажай жұмыс істейді. Оның 86 пайызы жекеменшік. Мыңнан астам минералды бұлақтың 600-ге жуығының емдік қасиеті ғылыми тұрғыда дәлелденген. Депутаттардың пікірінше, осы әлеуетті тиімді пайдалану үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажет.
ШОЛПАН КАРИНОВА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ
Қазір бұл мәселені зерделеуге төрт бейінді комитеттің депутаттары кірісті. Негізгі мақсат – шипажай-курорттық саланың жұмысын жүйелеп, оны дамытуға қажетті заңнамалық негіз қалыптастыру. Сарапшылармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, жеке заң жобасын әзірлеу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз.