Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті. Мемлекет басшысы екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтуға мүдделі екенін айтып, Дональд Трамптың жыл соңында Майамиде өтетін «G20» саммитіне шақырғанына ризашылығын білдірді. Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық күшейіп келеді. Кейінгі бір жылдың өзінде екі ел арасында 20 миллиард доллардан асатын келісімдер жасаған. Алдағы уақытта олар сирек минералдар өндірісі, логистика мен цифрландыру жобаларын бірлесе дамытпақ. Сонымен қатар, кездесуде Бейбітшілік кеңесінің қызметі де сөз болды. Президент еліміздің халықаралық тұрақтылық пен гуманитарлық бастамаларды қолдауға әрдайым дайын екенін жеткізді.
️