Жоқ тауарды сатып, аты болғанымен саты жоқ дүкенмен сауда жүргізгендер әшкереленді. Құзырлы орындар елімізде «CVK» деген атпен танылған ірі қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Алаяқтар жұртты «интернет-дүкен ашып, оңай олжаға кенелесің» деп алдап келген. Олардың қулығы сондай салымшылардың жеке кабинетінде шын мәнінде ешқандай тауар болмаса да, заттар «сатылып», «жеткізіліп» жатқандай өтірік көрсетіліп, виртуалды бонустар есептеліп отырған. Ал негізгі табыс тек соңынан тұтынушылар әкелгендерге ғана берілген. Кім көп танысын әкелсе, соған ақшалай сыйақы мен қымбат сыйлықтар уәде еткен. Халықтың сеніміне кіру үшін өңірлерде ауқымды жарнама жасап, жиналған ақшаны қолға ұстатпай, криптоплатформалар арқылы банктік шоттарға жасырын аударып отырған. Қазір бұл дерек бойынша еліміздің 14 облысында тергеу басталды.
Агенттіктің ұйымдастырушылар заңсыз схемаға шамамен 1,5 мың салымшыны тартқан. Жобаны ілгерлету мақсатында жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің салтанатты ашылу рәсімдері таныстырылымдар өткізілген. Аталған іс-шаралар әлеуметтік желілерде жедел шаралары нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.
️