Алдағы аптадан бастап қысқы дөңгелекке ауыспаған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады. Биыл талапты алғаш рет бұзғандар 21 мың 625 теңге, ал ережені екінші рет елемегендер 86 мың теңгеден астам қаражат төлеуге міндетті. Синоптиктер де желтоқсан айында күн суытып, алғашқы қар жауады деп болжап отыр. Осыған байланысты қазір қаладағы дөңгелек ауыстыру орындарында жұмыс қызған. Қызмет құны қанша және жүргізушілер қандай жайттарды ескеруі тиіс? Тілшіміз анықтап көрді.
Көктайғақта көліктің тежелу жолы ұзарып, жол апатының қаупі артады. Сондықтан жүргізушілер көлігін қысқы маусымға қазірден қамдауға кіріскен. Дөңгелек ауыстыру бекеттерінде таңнан кешке дейін қарбалас. Бұл істі меңгергендердің бірі - 17 жастағы Абзал Берікұлы. Жас шебер күн сайын ондаған көліктің дөңгелегін ауыстырып, жүргізушілердің қауіпсіз қозғалысына өз үлесін қосып жүр.