Түркістан
EN

Жолдаудағы міндеттер өңірлерде талқыланды

4
24.11.2026

«Әділет» партиясының өкілдері Абай, Қарағанды облыстарында еңбек ұжымдарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттері түсіндірілді. Абай облысында «Семей орманы» резерватының қызметкерлерімен орманды сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Сондай ақ, өрттің алдын алу, орманды қалпына келтіру мен мамандардың еңбек жағдайын жақсарту қажеттігі айтылды. Ал Теміртау қаласында «Qarmet» кәсіпорнының сервис қызметі ұжымымен өндірісті жаңғырту, әлеуметтік тұрақтылық мәселелері сөз болды. Партия өкілдері экономикалық, экологиялық міндеттерді жүзеге асыруда еңбек адамдарының үлесі маңызды екенін атап өтті.