Түркістан
EN

«Қазақстан темір жолын» енді Ерсайын Нағаспаев басқаратын болды

4
24.11.2026

Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясының ұжымына жаңа басқарма төрағасы Ерсайын Нағаспаевты таныстырды. Үкімет басшысы Ерсайын Қайырғазыұлының саланы жетік білетіндігін атап өтті. Сондай-ақ компанияның жаңа басшылығының алдында  тұрған негізгі міндеттерді айтты. Басым бағыттар қатарына көлік-логистикалық әлеуетті одан әрі кеңейту, транзиттік тасымал көлемін арттыру міндеттері қойылды. Одан бөлек теміржол инфрақұрылымын дамыту және компания қызметінің тиімділігін жақсарту да жүктелді.  Кадр жұмысын ретке келтіріп, әр қызметкер үшін нақты міндеттерді анықтауды тапсырды.