Медициналық қауіпті қалдықтарды өңдеуге бақылауды күшейту қажет. Осылай деген «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, Шымкент қаласында медициналық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын қызметіне байланысты күрделі жағдай қалыптасқан. Экология департаментінің мәліметінше, компания өз мүмкіндігінен тыс көлемде тапсырыс қабылдап, қауіпті қалдықтарды уақытылы өңдей алмаған. Соның салдарынан медициналық қалдықтар бейберекет араласып, ашық аспан астына жиналған. Осыған байланысты депутат жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия жіберуді және медициналық қалдықтарды өңдеуге қойылатын талаптарды күшейтуді ұсынды.
ТЕМІР ҚЫРЫҚБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мемлекет азаматтардың таза ауада және қауіпсіз экологиялық ортада өмір сүруін қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бастамашы болған Таза Қазақстан бағдарламасының басты мақсаты да елдегі экономикалық мәдениетті нығайтып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Ал медициналық қауіпті қалдықтарды ашық аспан астына тасталуы осы қағидаттарға ғана емес, халық денсаулығына да қауіп төндіретін аса ауыр жағдай болып отыр.
️