Түркістан облысының шекарасы өзгерді

257
26.05.2021 06:07

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы Қаулыға қол қойды.

Қаулыда Түркістан облысының шекарасына жалпы ауданы 795,62 гектар Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жерлерін қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін делінген.

Биыл сәуір айында Түркістан облыстық мәслихаты Үкіметке тараптардың келісімі бойынша Өзбекстаннан Қазақстанға өткен жерлерді қосу арқылы өңірдің шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізді. Осылайша, Сарыағаш ауданының шекарасы өзгертілді. Өзбекстаннан Қазақстанға көшкен, ауданы 750 гектар Бағыс елді мекенінің жері Ақжар ауылдық округіне қосылады. Хиебон ауылының аумағы 45,62 гектарды құрайтын жерлері Құркелес ауылдық округінің шекарасына қосылады.