Кентауда жеке үйге басып кіріп, 4 миллион теңгенің алтынын сейфімен қоса ұрлап кеткендер құрықталды. Ұрылар түн жамылып, пластикалық терезені бұзып кіру арқылы жәбірленушінің бағалы мүлкін қолды қылған. Олардың әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленушінің айтуынша, сейф ішінде 300 АҚШ доллары мен бағасы 4 миллион теңгеге жуықтайтын алтын әшекейлер болған. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар адамдарды бір тәуліктің ішінде анықтапты. Күдіктілердің бірі Шымкенттегі жалдамалы пәтерден ұсталса, екіншісі Астана қаласында қолға түсті. Белгілі болғандай, олар қылмысты алдын ала жоспарлап, ұрланған алтындарды келесі күні-ақ ломбардқа өткізіп үлгерген. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
️