Қазақ күресінен дәстүрлі турнир өтті

14
29.04.2026 21:07

Түркістан облысының Отырар ауданында қазақ күресінен дәстүрлі турнир өтті. Байрақты бәсеке «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналды. Биыл 63-ші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген балуандар қатысып жатыр. Ұлттық спортты ұлықтаған белдесулерде 7 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталуда.