Елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалар мамандардың жетіспеуінен әлі күнге мектепке бара алмайды. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов кадр тапшылығы мен сапасыз білімді қатаң сынға алды. Түркістан облысында да жағдай мәз емес. Өңірде 10 мыңға жуық бала сөйлей алмайды, ал оларды оңалтатын сурдопедагог мүлдем жоқ. Үкіметтегі мінбер мен өңірдегі шындық қалай тоғысады? Тілшіміз Дана Қазыбек зерттеп көрді.
️