Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркістан қаласынан ескерткіш орнату керек! ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысының орынбасары Билаль Чакыджы осындай бастама көтерді. Бұл туралы ғалым «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы: интеграциялық және ынтымақтастық перспективалары» атты халықаралық онлайн-конференцияда айтты. Өз сөзінде ол - Түркістанның облыс болып қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының ерен еңбегін, көне қаланың тарихи тұрпатын, түлеп-түрленген жаңа келбетін, Қазақстанның ғана емес, тұтас түркі жұртының таңданып, тамсанатын рухани орталығына айналғанын тілге тиек етті.
БИЛАЛЬ ЧАКЫДЖЫ- ТҮРКСОЙ ҰЙЫМЫ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Осы ретте мен аса маңызда үндеу жариялағым келеді. Түркі дүниесінің рухани астанасы – Түркістанның дамуына, көне шаһарға жаңа леп әкелген, түркі интеграциясының іске асыру идеясына мұрындық болған Нұрсұлтан Назарбаевқа облыс орталығы – Түркістан қаласынан ескерткіш орнату бастамасын көтеремін»
️