Енді коучтар психологиялық көмек көрсете алмайды. Мәжілісте қаралған «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасының негізгі нормаларын депутат Асхат Аймағамбетов түсіндірді. Оның айтуынша, жаңа құжат психологтарға қойылатын талаптарды нақтылап, олардың жауапкершілігін күшейтеді. Ал тиісті білімі мен тіркеуі жоқ азаматтарға өзін психолог ретінде таныстыруға тыйым салынады. Сондай-ақ заң аясында кәсіби құпия нормасы енгізіліп, оны бұзғандар қатаң жауапкершілікке тартылады. Аймағамбетов психиатр мен психологтың айырмашылығын да атап өтіп, коучтардың қызметі психологиялық көмек көрсетуге жатпайтынын нақтылады.
️