Түркістан облысының Созақ ауданынан Шымкентке науқас тікұшақпен шұғыл жеткізілді. 1987 жылы туған азаматтың денсаулығы күрт нашарлап, оған тез арада мамандандырылған медициналық көмек қажет болған. Шалғай аудан мен облыс орталығының арақашықтығын ескерген мамандар әуе көлігіне жүгінуді ұйғарды. «Қазавиақұтқару» экипажы мен санитарлық авиация бригадасы бірлескен әрекеттің арқасында науқасты Шымкенттегі клиникалардың біріне қысқа мерзімде жеткізді. Қазіргі таңда науқас дәрігерлердің қатаң бақылауында, қажетті ем-дом шараларын алуда.
️