310 мың турист келген

133
24.05.2021 10:46

Түркістанға жыл басынан бері  310 мың турист келген. Бұл – карантин кезіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта жағдай тұрақталса, саяхатшылар саны бұдан әлдеқайда көбеюі мүмкін. Сондықтан келушілерге  лайықты қызмет көрсете білу керек. Түркістан қаласының әкімдігінде осы мәселе талқыға түсті. 

Көктем шығып күн жылынғалы Түркістанға келушілер қатары күрт көбейді. Наурызда басталған нөпір мамырдың демалысында арта  түсті. Ендігі мәселе – келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету. Әзірге кемшін тұстар жетерлік.  

ЕРАСЫЛ ТӨЛЕБАЕВ- САПАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

Алдымен келушілердің сұрайтыны туалет. Қазір Визит орталығы сол жердегі тегін жалғыз туалет болып тұр. Өткенде өздеріңіз қойған 50 теңгелік  туалет екі күн істеді де жабылып қалды. Екінші  ауыз су мәселесі. Караван сарайда 0,5 су -800 теңге. Сол жерде су балмұздақ сататын дүңгіршектерді көбейту керек. Үшінші тамақтану орындары аз. Барлары өте қымбат. Бізде глобал кофе бар. Бір стакан кофе 1200 т.   

Қалыптасқан жағдайды зерделей келе, қала әкімі  тиісті сала басшыларына нақты тапсырма берді. Көп ұзамай қолөнершілер мектебінің бірінші қабатынан тамақтану орындары ашылады. Ал, Рухани мәдени орталықтағы  сауда орындарындағы баға бойынша тексеру жүргізіледі. 

РАШИД АЮПОВ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Әжетхана мәселесін осы аптаның ішінде шешуді тапсырамын. Тұрақты баға болу керек. Мемлекетке салық төлемесе бағаны неге көтереді. Мемлекет қазір толарды салықтан босатты. Сіз айтқан мәселелерді толық қолдаймын. Банкоматтар бойынша банктермен хабарласып қойдырыңыздар. 

Қаладағы қонақүйлер де лық тола. Мейманханалар да аз болған соң бағасы жоғары. Тіпті ең қымбат 5 жұлдызды қонақүйлер де 70 пайызы тапсырысты электронды түрде алып қойған. Бұл жағдайды шешу үшін инвестиция тартып қонақүйлерді көптеп салу керек.