Үш жаңа жылу электр орталықтарына Ресейден инвестиция тартылмайтын болды

25
16.02.2026 19:11

Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жаңа жылу электр орталықтарын Қазақстан Үкіметі өз күшімен салатын болды. Үш нысан да 2029 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Бұл жобаларға бұған дейін айтылғандай  Ресейден инвестиция тартылмайды. Барлық құрылысты «Самұрық-Энерго» компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Оның айтуынша, шешім толық қабылданған, тапсырыс беруші ретінде «Самұрық-Қазына» айқындалды және инвестициялық келісімдерге қол қойылған. Жобаларды іске асыру үшін арнайы консорциум құрылмақ.