Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды

15
13.02.2026 21:28

Түркістан облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды. Бұл – алдағы конституциялық реформаларды халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі. Оның құрамына еліміздегі 5 саяси партияның өкілдері, заңгерлер мен зиялы қауым өкілдері енді. Барлығы 457 адамнан тұратын топ реформалардың мәні мен мазмұнын халыққа жеткізумен айналысады. Коалиция мүшелері алдағы референдумда дауыс беру құқына ие өңірдегі 1 миллион 200 мыңға жуық  азаматпен  жүздесуді көздеп отыр. Алдағы уақытта облыстың барлық аудан-қалаларында 2 мыңға жуық кездесу өткізу жоспарланған.