Тәліптермен келісімге келді

78
23.08.2021 22:39

Ауғанстандағы Қазақстан елшілгі тәліптермен келісімге келді. Ендеше еліміз босқындарды қабылдай ма?  ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Орталық коммуникация қызметін алаңында өткен баспасөз конференциясында әзірге мұндай мәселе қарастырылмағанын айтты. Оған себеп – Қазақстанның Ауғанстанмен тікелей шекаралас жатпауы. Бұған дейін, Сыртқы істер министрлігі мұндағы жағдайды қадағалап отырғанын хабарлаған болатын. Айта кетейік, 15 тамызда «Талибан» қозғалысының содырлары Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған еді.