Еліміздегі соңғы эпидемиялогиялық ахуал бойынша 6 өңір қызыл аймақта тұр. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Сондай-ақ, соңғы тәулікте 1832 адамнан індет анықталған. Ал, 33 002 науқас коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішіндегі 13 030- ы стационарда, 19 972 науқас амбулаторияда жатыр. 729 науқастың жағдайы ауыр. Бүгіннің өзінде 22 адам індеттен көз жұмған. Ал, жалпы вирус жұқтырғандар саны 375 014 адамға жетті. Айта кетейік, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша сары аймақта тұр.
️