Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

15
29.01.2026 19:11

Конституциядағы референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгерту ұсынылды. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық комиссияның бесінші отырысында бұл бастаманы тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған қадам деп атады. Оның айтуынша, референдум – ел тағдырын айқындайтын ең маңызды шешімдер қабылданатын тетік, сондықтан оның атауы да халықтың ортақ еркін, бірлігін айқын көрсетуі тиіс. Сонымен қатар Конституцияға енгізілуі мүмкін өзге де өзгерістерге тоқталып, мемлекет зияткерлік меншік, авторлық құқық, ғылыми жаңалықтар мен шығармашылық қызметті қорғауды өз міндетіне алуы қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ сөз бостандығы мен ой еркіндігі басқа азаматтардың ар-намысына нұқсан келтірмеуі керек деген қағиданы нақтылау қажет дейді.