Елімізде Халық Кеңесі институты құрылады

13
21.01.2026 12:04

 Қазақстан халқы Ассамблеясының орнына Қазақстанның Халық кеңесі құрылады. Жаңа құрылым Ұлттық құрылтаймен бірге таратылып, елдегі қоғамдық дамуға қатысты барлық мәселелерді талқылайтын жалпыхалықтық диалог алаңына айналмақ. Халық кеңесінің құрамына 126 адам енуі ұсынылып отыр. Оның 42-сі этномәдени бірлестіктерден, 42-сі ірі қоғамдық ұйымдардан, ал тағы 42 өкіл мәслихаттар мен аймақтық қоғамдық кеңестерден таңдалады. Президент қоғаммен ашық әрі жүйелі байланыс орнату үшін жаңа формат қажет екенін атап өтті.