Қазақстанда балалар жаппай ойнап жүрген ойынды бұғаттау ұсынылды

83
14.01.2026 21:06

Балалар психикасына кері әсер ететін тағы бір ойын платформасы қоғамда алаңдаушылық туғызды. Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Роблокс қоланбасының қауіпті екенін айтып, бұғаттауды ұсынды. Қазір платформаны күн сайын пайдаланушылардың саны150 млнға жуық. Мұндай онлайн-ойындарда алаяқтар мен педофилдер жасөспірімдердің сеніміне кіріп, түрлі әрекеттерге барады. Әуелі әлеуметтік желі арқылы құпия кездесуге шақырады. Одан соң, ата-анасының карта номерін сұрап, қаржыны жымқырады. Мәжілісмен көптеген мемлекетте бұл қолданбаға қатаң бақылау енгізілгенін айта келе, Үкімет пен Ішкі істер министрлігінен қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігін сұрады.