Түркістан облысында соңғы 3 жылда отбасында балаға қатыгездік таныту ісі бойынша 418 дерек тіркелген. Оның 113-і балалар мен жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауымен аяқталса, 155-і соған талпыныс жасап, абырой болғанда аман қалған. Бұдан бөлек кәмілетке толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың 150 фактісі анықталыпты. Осындай күрмеуі қиын мәселенің алдын алу үшін «Ел ертеңі – жас ұрпақ» атты жоба жүзеге аспақ. Ол «ата-ана-мұғалім-оқушы» үштігін қалыптастырады. Сондай-ақ облыстың әр өңіріндегі мектептерді аралап, ондағы балалар мен ата-аналармен тікелей сөйлесу арқылы психологиялық мәселелерін шешеді. Яғни, отбасындағы және мектептегі зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында кезең-кезеңмен түрлі семинар тренингтер ұйымдастырылады.
️