Мақтаарал ауданында мақта майын шығаратын зауыт іске қосылмақ. 2 миллиард теңгені құрайтын Қазақстан мен Түркияның бірлескен жобасы 2022 жылы пайдалануға беріледі.
Мақтаарал ауданына қарасты Көкарал ауылында іске асып жатқан инвестициялық жоба жылына 3 мың тоннаға жуық май, 14 мың тонна күнжара шығарады деп жоспарлануда. Нәтижесінде 48 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Қазіргі таңда нысанның ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ, Түркия мемлекетінен бірнеше тонна құрал-жабдық әкелінді. Айта кетейік, шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2021-2025 жылдары Мақтаарал ауданына жалпы құны 10,781 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. Аталған 5 жоба 308 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды.
️